|
Йемендегі қақтығыстан 10 мың адам ажал құшты
|
Йемендегі қарулы қақтығыстардан осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам ажал құшты. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымының Йемендегі гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасының өкілі мәлімдеді. Айтуынша, деректер жергілікті медициналық мекемелерден алынған. Алайда, соғыс отына оранған кейбір аудандарда аурухана атымен жоқ. Сондықтан, қаза тапқандардың нақты саны бұдан да көп. Айта кеткен жөн, Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдың тамызында басталды. Онда бұрынғы президент Әли Абдел Салахты қолдаған хуситтер мен қазіргі президент Абд Раббу Мансұр Хади жақтастары соғысып жатыр. Былтыр соңғы президентке қолдау көрсету үшін Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның әуе күштері қатарға қосылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты