|
Инновациядан темір торға: дрон ұшыруға қылмыстық жауапкершілік енгізеді
|
Сарапшылар Қытай билігінің шектен тыс сақтағы ұшқышсыз ұшатын аппараттар технологиясының дамуын таабаны күректей ондаған жылдарға тежейтінін ескертіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ұшқышсыз ұшатын аппараттар саласында әлемнің негізгі жетекші елдердің бірі. Қытай билігінің өзінің әуе кеңістігіне төтенше әрі жаппай бақылау орнату қадамы бұл технологияның өркендеуіне кедергі келтіруі мүмкін. Жаңа заңнамалық бастама миллиондаған дронды пайдаланушылар арасында наразылық толқынын тудырып, айналымы миллиардтаған долларға жететін нарыққа қауіп төндіріп, шағын биіктіктегі азаматтық авиацияны іс жүзінде “тұсаулайды”. 2026 жылдың басынан бері Қытайда ұшұышсыз ұшаатын аппараттарға қатысты ережелер түбегейлі өзгерді. Енді тіркелмеген ұшқышсыз ұшатын аппаратты ұшыру - бұл жай ғана әкімшілік бұзушылық емес, нақты түрмеге қамау қаупі бар қадам ретінде бағаланады. Мамыр айынан бастап әрбір құрылғыны иесінің ID-картасына немесе телефон нөміріне міндетті түрде байланыстыру тетігі енгізіледі.
Алайда, бюрократиялық тосқауылдар мұнымен шектелмейді:
24 сағат ішінде рұқсат: Қаладан ұшып шығу үшін кем дегенде тәулік ішінде өтініш беру керек.
Толық мониторинг: Ұшу орны мен траекториясы туралы деректер нақты уақыт режимінде арнайы қызметтерге беріледі.
Астаналық «блэкаут»: Бейжіңде жағдай абсолютке дейін жеткізілді - бұл жерде дрондарды әкелу, жалға алу және сату толығымен тоқтатылды.
Бұл ретте дрон ұшуға ресми сұрау салған күннің өзінде көптеген жағдайларда аппаратты ұшыру себебі түсіндірілмесе, қабылданбайды, ал техника сол жерде тәркіленеді. Қытай билігі мұндай шектеу шарасына ұлттық қауіпсіздікті желеу етіп отыр. Соның ішінде кибершабуылдың алдын алу, әуежайларды қорғау, т.б. Өйткені, Таяу Шығыс аймағы мен Украина-Ресей соғысы көрсеткендей, тұрмыстық мақсатта қолданылатын дрондардың өзі қауіпті қаруға айналып кетеді. Мұндай шектеу шарасының салдарынан жаңа құрылғыларға сұраныс күрт төмендеп кеткен. Бұдан бөлек, қажетті заттарды (дәрі-дәрмек, ыстық ауқат, т.б.) дронмен жеткізу саласындағы инновациялық жобалар тоқтады. Бейжің қауіпсіздік пен бостандықтың арасындағы тепе-теңдікті сақтамаса, өзі жылдар бойы инвестиция тартып, қаржы құйған индустрияны өзі “тұншықтырады”.