|
Интерполға жаңа басшы сайланды
|
Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының жаңа басшысы болып Ким Чон Ян сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Ким Чон Ян осы күнге дейін Интерпол президентінің міндетін атқарып келген еді.
«Корея Республикасының тумасы Ким Чон Ян алдағы 2 жыл бойы Интерполдың президенті қызметін атқарады», - делінген жазбада. Сайлау Интерполдың Дубайдағы 87-ші Бас ассамблеясы кезінде өтті.