Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)
2 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның таңдаулы саяси-әскери құрылымы – Ислам революциясының сақшылар корпусы алғаш рет жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданды. Израилмен және Америка құрама штаттарымен арадағы қақтығыста. Бұл жайында islam.kz порталы ParsToday ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Хадид-110» (Hadid-110) жасырын, соққы беруші дроны алғаш рет өткен жылы (2025) жұртшылық назарына ұсынылған еді. Ол сағатына 500 шақырым жылдамдықпен қозғалуына мүмкіндік беретін мейлінше ықшам турбореактивті қозғалтқышпен жабдықталған. Тактикалық-техникалық сипаттамаларына келсек, ұшу қашықтығы 350 шақырымды құрайды және әскери бөлігінің салмағы 30-дан 50 келіге дейін тартады. Бұл ұшқышсыз ұшу аппаратының негізгі ерекшелігі - оның радиолокациялық көріну деңгейін немесе байқалу деңгейін айтарлықтай төмендетуге арналған стелс-конструкцияның беткі жағында жатыр. Былайша айтқанда, радарға іліге бермейді. Бұл артықшылық «Хадид-110» дронына қарсыластың қазіргі заманғы әуе қорғаныс жүйесін еңсеруге мүмкііндік береді.

 

0 пікір
Мұрағат