|
Иран аралас некеден туғандарға азаматтық беретін болды
|
Иранның конституцияны қорғау жөніндегі кеңесі шетелдікпен тұрмыс құрған ирандықтардың балаларына азаматтық беруді қарастыратын, Иран парлменті қабылдаған заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында Twitter әлеуметтік желісінде заң жобаларының конституция мен шариғатқа сәйкестігін тексеретін аталмыш органның өкілі Әлі Аббас Кодһодаи мәлім етті. Аталмыш заңда тек шетелдік мұсылмандармен тұрмыс құрғандардан туған балаларға ғана азаматтық беру ұйғарылған. Басқа наным-сенімдегілермен тұрмыс құрған ирандықтардың балаларына азаматтық берілмейді. Бұдан бөлек, шетелдікпен тұрмыс құрғысы келетін ирандық азамат шетелдікпен некелесуі үшін биліктен алдын ала рұқсат алуы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды