Иран билігі әйелдер құқығын шектейтін жаңа заң қабылдады
Иран билігі әйелдер құқығын шектейтін жаңа заң қабылдады
9 сағат бұрын 73 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран парламенті қалыңмал туралы заңға енгізілген түзетуді қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай ұсыныстың шұғыл қабылдануы сарапшыларды айран-асыр қалдырды. Тура мағынасында. Өйткені, әйелдерді 14 жылдан бері талқыланып келе жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау туралы заң жобасы сияқты басқа да заңнамалық бастамаларға қарама-қайшы келеді. Иранда күйеу бала немесе оның отбасы әдетте әйеліне «мәһр» төлейді. Ол алтыннан жасалған немесе қымбат зергерлік бұйым болуы мүмкін, ол қолма-қол ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды қамтуы мүмкін. Некеге дейін келісілетін және заң жүзінде борыш ретінде қаралатын сыйлықты әйелі некелескеннен кейін кез келген уақытта немесе ажырасқан кезде талап етуі мүмкін. Ер-азаматтарға майдай жағатын мұндай жұмсақ саясат ажырасқан жағдайда әйеліне төлеуге тиіс сомасының шегін 110 алтын тиыннан 14-ке дейін төмендеткен. Қалыңмал ретінде берілетін сыйлық ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда әйелдің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалғыз құралы болып қала береді. Батыс елдерінен айырмашылығы - Иран заңында ерлі-зайыптылар ажырасқан мүлікті бөлу қарастырылмаған. Жолдасы қайтыс болса, әйел тек оның жылжымалы мүлкінің сегізден бір бөлігін ала алады. Үй немесе жер сияқты жылжымайтын мүлік балаларға немесе, егер балалар болмаса, қайтыс болған адамның ата-анасына өтеді. Егер балалар мен ата-аналар да жоқ болса, әйел мүліктің бір төрттен бірін алады, қалған бөлігі мемлекетке өтеді. 

0 пікір
Мұрағат