Иран билігі құрғақшылықты еңсеру үшін ақырғы амалға көшеді
Иран билігі құрғақшылықты еңсеру үшін ақырғы амалға көшеді
17 күн бұрын 527 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран билігі соңғы жарты ғасырда болмаған құрғақшылықты еңсеру үшін төтенше әдіске жүгінеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BBC News агенттігіне жөн сілтеген inbusiness.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, химиялық жолмен бұлт қалыптастырып, жасанды жауын шақыру туралы шешім қабылдап отыр. Бұл шара амалсыздың күнінен қолға алынып отыр, өйткені, ел аумағындағы аса ірі Үрмия көлі тартылып, елдегі ең ірі екі қала – Теһран мен Мешһед ауызсудан тарыға бастаған. Бұлт түзу немесе қалыптастыру технологиясы әдетте күміс немесе калия иодиді секілді арнайы реагенттерді бұлт массасына бүрку тәсілімен жүзеге асырылады. Бүрку үшін ұшақты пайдаланады немесе жерден судың булану процесін жеделдету арқылы жүргізіледі. Irna.ir дерек көзі хабарлағандай, таяуда күллі Таяу Шығыс аумағындағы ең ірі су бассейні болған, бүгінде табаны тартылған Үрмия көлінің үстіңгі жағынанхимиялық жолмен бұлт қалыптастыру шарасы жүргізілген. Нәтижесінде бірден әсері болып, Илам, Керманшаһ, Батыс Әзірбайжан, Күрдістан және Лорестан өңірлерінде жаңбыр жауған. Иран метеорологиялық ұйымының мәліметінше, биыл жауын-шашын көлемі орташа жылдық норманың 11% -ын ғана құраған, бұл көрсеткіш қалыпты мөлшерден 89% -ға төмендегенін білдіреді. Осыны ескерген билік шұғыл іс-қимылға көшіп, тығырықтан шығудың барлық нұсқасын қарастыруда. 9 миллионнан астам халқы бар ел астанасы Теһранда су қоймаларындағы су деңгейі олардың жалпы көлемінің 10% -ынан төмен түсті. Иран президенті Масғұд Пезешкиан кейбір аудан тұрғындарын көшірілуі мүмкін екендігін мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат