|
Иран дәрі-дәрмек өндірісінің әр алуандығы бойынша әлемдегі алғашқы он елдің қатарында тұр
|
Иран түрі дәрі өндірісі бойынша әлемнің алғашқы он елінің қатарынан көрінді және ғылыми өндімдерін 40 елге экспорттайды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде "پردیس" (Пардис) технологиялық паркінің бас директоры Амин Реза Халегиан келтірген дерекке жөн сілтеген irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Амин Реза Халегианның айтуынша, қазіргі уақытта Пардис технопаркінде ғылыми бағыт бойынша 400 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл компанияларға мемлекет тарапынан көптеген артықшылықтар берілген, ел қазынасынан қомақы қаржы бөлінеді, шетелдіктермен тәжірибе алмасуына рұқсат етілген. Осылай деген ол Иранның шашыраңқы склерозды емдеуге арналған дәрі-дәрмек шығару бойынша әлемдегі 6-шы орынға табан тірегенін мақтанышпен жеткізді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды