|
Иран Құдысты Палестина атанасы деп таныды
|
Иран парламенті Таяу Шығыстағы көне қаланы Палестинаның "мәңгі астанасы" деп тану қарастырылған "Палестиналықтарға қолдау көрсету туралы" заң жобасын қабылдады. Бұл құжатқа мәжілістің 207 мүшесі түгел жақтап, дауыс берген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, тек Иран емес, Түркия билігі де Құдысты палестиналықтардың астанасы деп танитындарын мәлімдеген болатын. Іле-шала. АҚШ Құдысты Израилдің астанасы деп танитындығына орай қарымта жауап ретінде. Түркия мұнымен ғана шектелмей, Палестинадағы өз елшілігін Құдысқа көшіруге ниеттеніп отыр. Сондай-ақ, АҚШ-қа ергендер де табылып жатыр бұл шетін мәселеде. Латын Америкасындағы Гватемалла да Израилдегі елшілігін Құдысқа көшірмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)