Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
2 сағат бұрын 41 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран билігі мен әскерилері әлем экономикасының күретамырларының біріне айналған Үрміз бұғазын бұғаттап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы CursorInfo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Иран жаһандық сауда-саттықтың маңызды аймағын – Үрміз бұғазын «төлем бекетіне» айналдыру арқылы осы уақытқа дейін саяси қысым көрсетіп, экономикалық шектеу қойып келген Америка құрама штаттары мен Ирзаилдің озбырлығына қарсы тегеурінде шара қолданды. Әсіресе, жаһандық мұнай экспорты мен импортының шамамен 20 пайыздайы, яғни, бестен бір бөлігі жүзеге асатын аталмыш бұғаздан өтетін кемелерден бұдан былай ақы алу жүйесіне көшеді. Бұл бұғазды Иранның элиталы әскери құрылымы (парсылардың саяси ықпалы зор күштік құрылымы – Ислам ревоюциясының сақшылар корпусы) тікелей өз бақылауына алатын болды. Теңіз жолдарының деректерін жинайтын әрі талдайтын Lloyd’s List Intelligence орталығының келтірген мәліметіне қарағанда, Таяу Шығыс аймағындағы со,ыс басталғалы бері бұл бұғаздан өтетін кемелер саны шамамен 90%-ға азайып кеткен. Ал бұл жайттан әлемде мұнай бағасы шарықтап, энергетикалық дағдарыс орын алды. Сондай-ақ, наурыз айының 1-нен бері танкерлер мен котейнер тасымалдаушы кемелерді қоса алғанда бар-жоғы 150 кеме өткен. Қауіпсіздігіне кепілдік алуы үшін кемелер Иранның аумақтық суына кірген соң IRGC тексеру процедурасынан өтіп, алым төлеуі тиіс. AP хабары бойынша кем дегенде екі кеме бұғаздан өту «құқығы» үшін қытай ақшасымен есеп айырысқан. Осы орайда сарашылар бұл соғыстың қытайдың ұлттық валютасының маңызын арттырғанын алға тартып отыр. Мұнаймен кепілдендірілгендіктен халықаралық төлем жүйесінде үстемдінің сақтап келген долларды уақытша юан алмастыруы мүмкін. Иран парламенті бұғаздан өтетін кемелерден ақы алуды заңдастыруға мүмкіндік беретін заң жобасын қарастырып жатыр. Дегенмен, халықаралық теңіз қауымдастығы Иран билігінің бұл қадамын сынға алып отыр. Тіпті, Иранды «экономикалық терроризмге» барып отыр, деп айыптап жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі 19-шы конвенциясына сәйкес бейбіт мақсаттағы кемелерден ақы алудың халықаралық заңдық негізі жоқ. Алайда, Иран аталмыш конвенцияға қосылмағанын да айта кету керек. 

0 пікір
Мұрағат