|
Иран стратегиялық маңызы зор әрі табиғатта сирек кездесетін метал импортына тәуелділіктен құтылды
|
Hamedan Industry, Mine and Trade мекемесінің меңгеруші директоры Ахмет Шаниан литияның әлемдік картасына сүйене отырып, Иранның осынау табиғатта өте сирек кездесетін әрі стратегиялық маңызы зор метал қоры бойынша төртінші орынға шыққанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы IRNA.IR ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Иран бұл тарапта Боливиядан (21 млн тонна); Аргентинадан (19,3 млн тонна) және Чилиден (7,9 млн тонна) кейінгі орында тұр. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген барлау және зерттеу нәижесінде Кахауан лития кенінің қоры 8,5 млн тоннадан асатыны белгілі болды. Осындай дерек келтірген ол Иран лития импортына тәуелділігінен құтылғанын салтанатты түрде мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр