Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
2 сағат бұрын 41 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран билігі араб әлемі мен Азия және Еуропа елдерінің стратегиялық су жолын пайдалану тәртібін белгілейтін «Үрміз пактісі» деп аталатын құжатты әзірлеуге кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Иран үкіметінің Telegram әлеуметтік желісіндегі ресми арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның ақпарат кеңесінің жетекшісі Ілияс Хазріте хабарлағандай, бұл арада аталмыш бұғазға қатысты халықатарық тетіктер жөнінде сөз болып отыр. Осы орайда Иран билігінің Америка құрама штаттары мен Израилдің басқыншылық саясаты мен санкциясына қарсы жаһандық сауда-саттық күретамырларының бірінен саналатын аса маңызды су жолын -Үрміз бұғазын жауып тастағанын айта кетпекпіз (қараңыз: Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады). Аталған бұғазды тек бұғаттап қана қоймай, Иран пайдасына заңдастырған болатын: бұдан былай Үрміз бұғазынан өтетін әр кеме үшін 2 млн долларға тарта алым алуға көшеді. Бұл алым кемелердің бұғаздан қауіпсізді өтуіне кепілдік береді.

Ұқсас материал:

Үрміз бұғазы соғыстың тағдырын шешуі мүмкін

0 пікір
Мұрағат