|
Иран зымыранға қарсы қорғанысты еңсеретін гипер дыбысты зымыранын таныстырды (видео)
|
Иранның саяси-әскери элиткалық күштік құрылымы – Ислам революциясының сақшылар корпусы (ИРСК) ғарыш-әуе күштері зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін еңсере алатын «Фаттах» («Жеңімпаз») гипер дыбысты зымыранын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Fars ақпарт көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зымыран – ИРСК-нің соңғы стратегиялық жетістігі. 1400 шақырым қашықтыққа дейін ұшатын зымыранның ұшу жылдамдығы сағатына 15 мың шақырымға жетеді. Зымыран дәлдігімен әрі маневрлігімен ерекшеленеді. Әуеде және әуеден тыс жерде бағытын өзгерте алады, дәлірегі, маневр жасау арқылы радиолокациялық жүйеге ілікпейді. Мұндай технологияға осымен төртінші ел ие болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр