Ирандағы мыс қор 21 млрд тоннадан асады
Ирандағы мыс қор 21 млрд тоннадан асады
9 ай бұрын 1125 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран ұлттық мыс компаниясы (NICICO) басшысының орынбасарының айтуынша, Иранның мыс қоры 21 млрд тоннадан асады. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. IRIB дерек көзіне берген сұхбатында Шахрияр Мұтәуекел жетінші ұлттық даму жоспарында белгіленген міндеттерді орындау үшін 21 млрд тонна мыс қоры молынан жететінін мәлімдеді. Сонымен қатар, қорды ұлғайту бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізіле береді. Осылай деген ол, сондай-ақ, табылған қордың шамамен 16 миллиард тоннасы толығымен өндіріп алуға келітінін және игеруге жарамды екенін атап өтті. Motavakel компаниясы, бұдан бөлек, 250 000 метр бұрғылау жұмыстарын қамтитын NICICO-ның 2024 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының жоспары табысты орындалғанын хабарлады. Келесі жылы компания 500 000 метр барлау және бұрғылау жұмыстарын  жалғастыра беретін болады. Иран мыс қоры бойынша әлемде бесінші орында тұрған мемлекет. 2023 жылғы мәлімет бойынша мыстық жаһандық қоры 100 млрд тоннадан асқан. Мыстың ең көп мөлшері шамамен 65%-ы Солтүстік және Оңтүстік Америкада кездеседі. Еуропа мемлекеттерінде аталған ресурстың 15%-ы, Азия елдерінің 11%-ы, Африка елдерінің 4,5%-ы бар. Чилиде мыстың ең ірі дәлелденген қоры бар. Онда әлемдік қордың 20%-ға жуығы орналасқан. Ал АҚШ-та - 12,7%. Бұл елдерден басқа Полшада, Индонезияда, Иранда, Қазақстанда, Қытайда, Өзбекстанда, Филиппинде, сондай-ақ, Бразилияда, Канадада, Мексикада, Панамада, Перуде, Австралияда және Африка құрлығындағы Заирде, Замбияда, мыс көп. Бұл мемлекеттердің әрқайсысында сарапшылардың бағалауы бойынша шамамен 10 млн тонна бар.

0 пікір
Мұрағат