Ирандықтар реактивті қозғалтқышпен жабдықталған Шаһид дронын сынақтан өткізді (видео)
Ирандықтар реактивті қозғалтқышпен жабдықталған Шаһид дронын сынақтан өткізді (видео)
21 күн бұрын 843 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Sobhan Farajvan / Globallookpress.com

Ислам революциясының сақшылар корпусы (Иранның саяси әрі әскери элиталық құрылымы) реактивті қозғалтқышпен жабдықталған жаңа Shahed-161 ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан сәтті өткізді. Shahed соққы беруші дроны әлемдік қару-жарақ арсеналында танымал қарууға айналған. Әсіресе, Украинадағы соғыста ресейліктер жиі қолданған қару ретінде белгілі. Бұл жайында islam.kz порталы Tehran Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ИРСК әскери әуе күштерінің жетістіктеріне қатысты өткен көрмеде жұртшылық назарына ұсынылған аталмыш қарудың “ұшатын қанат” схемасы бойынша құрастырылғаны белгілі болды. Shahed-161 дронының әрекет ету радиусы 150 шақырымды құрайды, ал ұшу қашықтығы – 2 сағат. Сегіз шақырым биіктікке дейін көтеріле алады.  Иранның ғаалымдары мен инженерлері Shahed дронының нұсқаларын ұдайы жетілдірумен келеді. Сол көрмеде Shahed-131 және Shahed-238 дрондарының түрлендірілген түрлері көрсетілді. Ал шілде айында ұшу қашықтығы 1500 шақырымнан асатын Shahed-107 камикадзе дроны көрсетілген еді.

 

0 пікір
Мұрағат