Ираннан, Пәкістаннан депортацияланған ауған азаматтарын тәліптер қайта шетелге “қуып” жатыр
Ираннан, Пәкістаннан депортацияланған ауған азаматтарын тәліптер қайта шетелге “қуып” жатыр
4 ай бұрын 583 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәліптер елге оралған, дәлірегі, көоші елдерден (Иран мен Пәкістан) депорптацияланған ауған азаматтарын шетелге жұмысқа аттандырып жатыр. Елдегі жұмыссыздық мәселесін осылай шешпек. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тәліптер тек бір күннің өзінде (тамыз айының 13-і) Катарда жұмыс істеуіүшін 1800 ауған азаматын тіркеді. Ауғанстанның еңбек министрлігі атап өткендей, аталған Парсы шығанағы елімен арадағы келісімге сәйкес ауған азаматтары Катарда жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай еңбек мигранттарын жөнелтуді көздейтін келісім үшін тәліптер Саудия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Түркия және Ресей билігімен келіссөз жүргізіп жатыр. Өткен айда 3100 ауған азаматы Катарда жұмысқа тұруы үшін тіркелген екен. Олар негізінде тағам өнеркәсібі мен қонақ үй бизнесінде жұмыс істейтін болады. Иран мен Пәкістаннан депортацияланған ауған азаматтарын еңбекке тіркеу орталықтары елдегі ең ірі төрт қалада (Кабул, Қандағар, Герат және Нанғарқар) ашылған. Осы орайда Пәкістан мен Ираннан биылдың өзінде екі млн-нан аса ауған босқыны еліне қайтарылғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат