|
Иранның ең озық баллистикалық зымыраны таныстырылды (видео)
|
Кеше, яғни, дүйсенбіде, дәлірегі, тамыз айының 13-і күні Иран қарулы күштерінің өкілдері осы заманғы ең озық Fateh Mubeen баллистикалық зымыранын жұртшылықтың назарына ұсынды. Бұл жайында Tasnim ақпарат агенттігі хабар таратты. Аталған шараға қатысқан Иран қорғаныс министрі Әмір Хатами аталған елдің зымыран өнеркәсібін дамытудан бас тартпайтынын мәлімдеді. Ирандық PressTV сайты бұл зымыранның радарға байқалу деңгейін кеміткенін алға тартып отыр. Десе де әскерилер мен мамандар жаңа зымыранның техникалық сипатын ашып айтпай отыр. Ал америкалық сарапшылардың сөзіне қарағанда, Fateh Mubeen баллистикалық зымыранның ұшу қашықтығы 200-ден 300 шақырымға дейін жетеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Аштықтың алдын алу үшін зертханада ақуыз өсіріледі (видео)
■
Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады
■
Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді
■
Марокконың қолөнер бұйымдарының экспорты жалпы экспорт бойынша екінші орынға шықты