|
Ирландияның қор биржасы листингісіне ислами құнды қағаз енді
|
Сауд Арабиясы тарихта түңғыш рет Ирлан қор биржасының листингісіне ислами құнды қағазды (сукук) енгізді. Осының нәтижесінде Сауд Арабиясы 9 млрд доллар табыс тапты. Айта кетейік, Ирландия астанасы - Дублин қаласында орналасқан аталмыш қор биржасы листингісі Еуропадағы облигациялар листингісінде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан листингі болып табылады. Сауд Арабиясы 5 жылдық және 10 жылдық мерзімдерге арналған, табысы 2,89% және 3,63%-ды құрауы тиіс сукукты айналымға шағырған болатын. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Мұнай бағасының түсуі, бюджет тапшылығы, қаржы көздерін әртараптандыру Сауд Арабиясын облигация нарығына шығуға итермеледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды