Ислам қаржы активтері 2028 жылға қарай 7,5 триллион долларды құрайды
Ислам қаржы активтері 2028 жылға қарай 7,5 триллион долларды құрайды
1 ай бұрын 695 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық ислам қаржы активтері 2028 жылға қарай 7,5 трлн долларға жетеді. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 5,5 трлн  доллардан асып еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  ислам банкингіне арналған Standard Chartered-тің жаңа есебінде келтірілген деректерге жөн сілтеген zawya.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шариғатқа сай қаржылық жүйенің жаһандық нарықтағы жылдам кеңеюі мен маңыздылығының артып келе жатқандығын көрсетеді. «Исламдық банкинг қаржы институттары үшін: жаһандық өзгерістер жағдайында өсу» атты баяндамada 2024 жылы исламдық қаржы индустриясы 5 триллион долларға жетіп, маңызды межені еңсергені айтылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12 пайызға, 2020 жылмен салыстырғанда 43 пайызға артық. «Ислам банкингі» исламдық қаржы индустриясында ең ірі секторға айналған және үлесіне исламдық қаржы активтерінің жалпы мөлшерінің 70% -дан астамы тиесілі өсімнің негізгі қозғаушы күші болып қала береді. «Ислам банкингінің» активтері 2028 жылға қарай 5,2 трлн долларға дейін өсуі ықтимал. Ал сукук нарығы 971 млрд доллардан 1,5 трлн доларға дейін өсуі тиіс. Ислам банкингінің жаһандық франшизасы бар жалғыз халықаралық банк ретінде Standard Chartered Saadiq шариғат нормаларына, қаржы мекемелеріне, корпоративтік бизнеске, 25-тен астам елде бөлшек және жеке банктік қызмет көрсетуге сәйкес келетін қызметтерді ұсынады.

Материалдың авторлық құқығы тиесілі: Al Hilal Publishing and Marketing Group, SyndiGate Media Inc. (Syndigate.info)

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6