Ислам қаржысындағы ірі мұсылман елдерінің үлесі анықталды
Ислам қаржысындағы ірі мұсылман елдерінің үлесі анықталды
3 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ислам қаржы индустриясы өткен жылы 50 жылдық мерейтой мерзіміне толды. Бұл жайында islam.kz порталы AhlulBayt ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1975 жылы күллі әлемде алғашқы ислами коммерциялық банкі ашылыпты. «2025 ислам қаржысының дамуы туралы есепке» сәйкес исламдық қаржының жалпы әлемдік активтері 2024 жылы жылдық мәнде 21% -ға өсіп, 5,98 триллион долларға жеткен. Жекеменшік секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы (ICD) мен Лондон қор биржасы тобы (LSEG) бірлесіп дайындаған баяндамада индустрияға тән өсудің негізгі үрдістері, өңірлік факторларды және әлемдік нарықтардағы ислам қаржысының үлесі қарастырылған немесе қамтылған. Сала бойынша бағалау әдісі бес бағанға негізделген: қаржылық көрсеткіштер, басқару, білім, тұрақты даму және хабардар болу. Бұл бағыттағы зерттеуде 140-тан астам елдің деректері қамтылған. Аталмыш баяндама айтылғандай, ислам қаржысы бүгінгі таңда әлемнің 80-нен аса елінде белсенді айналымда. 2008 жылғы жаһандық қаржы нарығынан кейін ислам қаржысының маңызы артқан. Өйткені, әдеттегі пайыз бен өсімге негізделген батыс үлгісіндегі банктерге қарағанда қатері мейлінше аз банкинг ретінде алға шығады. Сукук, такафул, шариғат талаптарына сай инвестициялық қор нарықтың ұлғаюына ықпал етіп, инвесторлар қарасын көбейткен. Қанатын жылдан жылға кеңінен жайып келе жатқан бұл нарықтағы ірі мұсылман елдерінің үлесіне келсек, Малайзия 2,249 триллион доллар активімен көш бастаған, одан кейінгі орынға 1,316 триллион доллар активі бар Сауд Арабиясы жайғасқан және 761 миллиард доллар активке ие Индонезия үшінші орынға табан тіреген. Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері де осы саладағы негізгі ойыншылар болып саналады. Исламдық қаржының жаһандық активтері 2029 жылға қарай шамамен 9,7 триллион долларға жетуі мүмкін. Осы орайда аз жылдың ішінде ислам банкингісінің жалпы қаржы жүйесінің ең төменгі сатысынан бүгінде жаһандық қаржы индустриясына айналғанын айта кетпекпіз. Қазіргі уақытта ислам қаржысымен әлемнің 80-нен аса елі шындап айналыса бастаған. Қаржылық стратегиясына айналдыру қамына кіріскен. Standard Chartered ұйымының "Корпорацияларға арналған ислами банк ісі: көкжиекті кеңейту" атты соңғы есебінде ислами қаржы нарығындағы айналым 5 трлн доллардан асқан.

0 пікір
Мұрағат