|
Исламды жақтырмайтын әйелдің жүрегі қалай жібіді? (ФОТО)
|
АҚШ-тың Огайо штатының Энни есімді тұрғыны қазан айының 10-ы күні жалғыз өзі Нұр мешітіне келіп, исламға қарсы наразылық акциясын өткізген болатын. Алайда, ол күтпеген жерден өзіне жылы шырай танытқан жергілікті мұсылман әйелмен тілдескеннен кейін райынан қайтып, мұсылмандарға деген өшпенділігін мейірімділікпен алмастыра білді. Исламға қарсы сөздер жазылған плакатты қолына ұстап келген әйелдің алдынан мешіт өкілі шығып, кофе ішуе шақырады. Алайда, Энни оның шақыруынан бас тартады. Синтия Евгения Кокс есімді жергілікті мұсылман әйелімен тілдескеннен кейін ғана райынан қайтады. Бұл жайында IslamNews порталы Ilm Feed ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. «Мен одан «қорқынышты көрінемін бе?» деп сұрадым, ол «жоқ» деп жауап қатты»,- деді Синтия онымен қалай тіл табысқанын айта келіп. Синтия оны қапсыра құшақтап, ішке кіргізіп, мешіттің ішін аралатады. Бұған қоса, Энни жамағатен намаздың қалай оқылатынына куә болады. Синтия екі сағат бойы Эннимен ислам жайында әңгімелеседі. Мешіт қызметкерлері оған ағылшын тіліне аударылған қасиетті Құран нұсқасын сыйға тартады. «Мен мұсылмандардың жақсы адамдар екенін түсінбеппін, осындай плакат ұстап шықсам да. Мен олардан ғафу өтінемін»,- деді Энни.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Тұмау вирусының жасушаға қалай жұғатыны таспаға тартылды (видео)
■
3D-принтерде басылған көздің мөлдір қабығы зағип пациенттің көру қабілетін қалпына келтірді (видео)
■
Әлемде алғаш рет биологиялық тұрғыдан ыдырайтын (шіритін) саңырауқұлақтан табыт жасалды
■
Обыр жасушаларын жоюдың тиімді әдісі табылды