|
Исламның жауы не?
|
Малайзияның премьер-министрі Датук Сери Наджиб Резак адам құқығын желеу еткен түрлі қитұрқылықтардан, атап айтқанда, гуманизмнен, секуляризмнен және либерализмнен мұсылмандардың көресіні көріп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, батыс елдері ойдан шығарған түбі күмәнді әрі шикі құндылықтар діннің талаптарын тасада қалдыруға бағытталған.
«Біз дінімізге қайшы келетін қандай да бір талаптар мен құқықтарға құлақ аспауымыз керек. Мұсылмандар шариғат бойынша жүріп-тұруға құқылы. ЛГТБ-ға (лесбиянка, гомосексуалист, транссексуал, бисексуал) жол жоқ»,- деді ол ашына тіл қатып.
Ол бұл мәлімдемесін Малайзияның Паханг штатында өткен Құран оқуға арналған 57-ші ұлттық ассамблеяның ашылу салтанаты кезінде жасады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)