|
Италияда үй жануарын күтуге арналған еңбекке жарамсыздық парағын ашуға рұқсат берілді
|
Италия билігі жұмыс істеп жүрген қызметкерлер мен жұмысшыларға асырауындағы жануары ауыра қалған жағдайда ақылы демалыс алуға, яғни, еңбекке жарамсыздық парағын ашуға рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы One Green Planet платформасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай ақылы демалыс әлемде алғаш рет Италияда берілетін болды. Хабарламада айтылғандай, қызметкерлер немесе жұмысшылар асырауындағы жануарына шұғыл медициналық жәрдем қажет болғанын айғақтайтын ветеринар анықтамасын ұсынған жағдайда жылына үш күнге дейін ақылы демалыс талап ете алады. Мұндай құқықты асыра пайдалануға жол бермес үшін қызметкердің асырауындағы жануары тек ауыр дертке шалдыққандаа ғана берілмек. Оның өзінде ресми тіркеуде тұрған, чиптелген үй жануарлары ауыра қалоған жағдайда ғана еңбекке жарамсыздық парағы ашылады. Негізінде мұндай бастама аталған еуропалық елде 2017 жылы көтерілген болатын. Тарихта “Куччиола ісі” деген атпен қалған аталмыш жағдайда Рим университетінің кітапханашасы сотта үйіндегі кәрі итін құтқару үшін ақылы демалысьың қажеттілігін алға тартқан болатын. Осы орайда әлемнің өзге елдерінде үй жануарларының мәртебесі басқаша анықталатынын, дәлірегі, адамның жекеменшік мүлкі ретінде ғана қарастырылатынын айта кетпекпіз.