Жаһан: Мұсылмандарды «тірідей үйітпек» болған исламофоб бостандыққа шықты
Жаһан: Мұсылмандарды «тірідей үйітпек» болған исламофоб бостандыққа шықты
10 жыл бұрын 2740

АҚШ Конгресінің бұрынғы кандидаты Роберт Ранкин Доггарт сотта Нью-Йорк штатына қарасты мұсылмандар тұратын елді-мекенді жер бетінен жойып жібермек болғанын мойындады. Осыған қарамастан сот алқасы оны бостандыққа шығарды. Дәлірегі, ол «Исламберг» жамағатын елден қуып, оларға тиесілі мешіт пен мектепті және асханасын өртеп жібермек болғанын жеткізді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Think Progress» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мемлекет оны абақтыға жабуды талап етсе де сот алқасы өз шешімін өзгеріссіз қалдырды.

 

Шариғат шәлісін күштеп шештірді

 Американың  Мичиган штатына қарасты Дирборн қаласының тұрғыны болып табылатын мұсылман әйелінің басындағы шариғат шәлісін полиция бөлімшесінде күштеп шештірді. Хаттамаға қажетті фото-суретін түсіру үшін. Маху әл-Залимді полиция бөлімшесіне автокөлігіне салынған айыпты төлемегені үшін шақыртқан. Ол өзін фото-суретке әйел адамның түсіруін талап етсе, оның бұл өтініші аяқсыз қалған. Жәбір көрген мұсылман әйелінің айтуынша, ол, тіпті, полиция қызметкерлеріне жалынып сұраған екен. Тура осындай жағдай АҚШ-та үстіміздегі жылдың қаңтар айында орын алған болатын. 27 жастағы жазықты болып қалған Маляк Казан есімді мұсылман әйелінің басындағы жаулығын күштеп шештірген еді. Бұл жайында  «IslamNews» порталы «наInquisitr» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

 

Үнді радикалы мұсылмандардың көбеюін шектеуді талап етуде

Үндістанның оңшыл радикалды партиясының жетекшісі Шив Сена ел билігінен осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандардың тууына шектеу қоюды талап етті. «Тек Ассамда ғана емес, сонымен қатар, солтүстік-шығыс штаттардағы және Харьян мен Дели секілді ірі штаттардағы мұсылмандар қарасы көбейіп келеді», - дей келе ол бұлай кете берсе, Үндістанның мұсылман мемлекетіне айналатынынан қауіптенетінін мәлімдеді. Ол осыған байланысты ел билігіне ашық хат жолдады. Бұл жайында «IslamNews» порталы «India Today» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осы елде жүргізілген санақ нәтижесіне қарағанда, 2001-2011 жылдар аралығында мұсылмандар қарасы 24 пайызға артқан, ал жылпы ел тұрғындары 18 пайызға көбейген. Бұл өз кезегінде үнді радикалдарының ұйқысын қашырып, мазасын алуда.

0 пікір
Мұрағат