Жаһан: Қажыларға арналған әуежай ашылды
Жаһан: Қажыларға арналған әуежай ашылды
10 жыл бұрын 2722

Нұрлы Мәдина қаласында жаңа әуежай ашты. Сауд Арабиясына қажылыққа келген мұсылмандар ұшағы осы әуежайға тікелей келіп қонады. Аталмыш кешеннің құрылысына 12 млрд қаражат жұмсалған. Әуежайдың сыйымдылығы жылына 8 млн жолаушыларды қамтиды. Кешеннің екінші бөлігін іске қосқаннан соң жолаушылар саны 18 млн-ға жетеді, үшінші кезеңнен кейін 40 млн-нан асып жығылмақ. Айта кету керек, халықаралық әуежайға Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед бин Әбдіәзіз есімі берілді. Кешеннің ашылу салтанатына Саудия королі Салманның өзі қатысты. Жаңа әуежай елдегі жекеменшік компаниялармен басқарылатын жалғыз мекеме болып саналады. 

ummet.kz-ақпарат

 

Түркия Африкаға Құранның 1 000 000 данасын жөнелтеді

Түркия үш жылдың ішінде Африка құрлығындағы елдерге қасиетті Құранның 1 млн данасын жөнелтуді жоспарлап отыр. Аталмыш жобаға Түркия премьер-министрі аппаратының даму және ынтымақтастық жөніндегі агенттігі қолдау көрсетеді. Белгілі болғандай, мұсылмандардың қасиетті кітабының алғашқы 50 000 данасы Суданға жеткізілді. Одан ары Африканың өзге елдеріне таратылады. 

 

Беймәлім біреу 12 000 адамға күн сайын ауызашар беріп жүр

Бахрейн мешіттерінің бірінде ауыз бекіткен мұсылманы бар, ислам дінімен танысуға келген мұсылман емесі бар, бірнеше жүздеген адамға белгісіз біреу ауызашар беріп жүр. Ол бұл қайырлы әрі сауапты ісін сонау 2000 жылдан бері жасап келеді. Әлі күнге дейін аты-жөні белгісіз демеуші Бахрейндегі аса ірі Жуффайр мешітінде жыл сайын қасиетті Рамазан айының әр күнінде 1200-ге жуық адамға ауызашар беріп келеді. Сондай-ақ, ол ауызашарға жиналатын жұрт үшін өз қаржысына сатып алған шатырын құрғызып, жамағаттың жағдайын жасауда.

1 пікір
Мұрағат