Жаһандық жылыну кесірінен бірқатар елдің қанша ауыл шаруашылық өнімдерінен айырылғаны белгілі болды
|

Таяуда FAOSTAT ООН деректер базасын пайдаланған Hortoinfo ақпарат агенттігі жүргізген талдау нәтижесі көрсеткендей, он жылға жетер-жетпес мерзімде әлемнің бірқатар елінде ауыл шаруашылық жерлерінің айтарлықтай ауқымы жарамсыз күйге түскен, деп хабарлайды islam.kz порталы. Мәселен, құрғақшылықтан көз ашпаған Марокко 2014-2023 жылдар аралығында 294 000 гектар егістік алқабынан айырылған. Аталған араб елінде бақша дақылдарының егістігі 10 978 гектарға, қарбыздың егістігі 1 387 гектарға, ал қызанақтың егістігі 1 042 гектарға қысқарған. Есесіне, басқа дақылдарға арналған егістік алқаптары артқан, атап айтқанда, баклажан - 1 629 гектарға, бұрыш - 589 гектарға, қияр - 257 гектарға өсті. Кейбір елдерде ауыл шаруашылығы алқаптарының қысқарғаны байқалған, сондай-ақ, бұрын басымдық берілген дақылдардың орнын өзгелері алмастырған. Салыстыру үшін алсақ, Испания 582 000 гектар ауыл шаруашылығы жерінен айырылып, 2015 жылғы 17,19 миллион гектардан 2023 жылы 16,61 миллионға дейін қысқарған. Испанияда бақша дақылдарын өсіру 7 220 гектарға, қызанақ - 4 660 гектарға, қияр - 599 гектарға, баклажан - 119 гектарға қысқарды. Есесіне, қарбыз пен бұрыш егістік алқабы тиісінше 3 511 және 3 157 гектарға ұлғайды. 24 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығына жарамды жері бар Түркия да егіннің ірі шығыны туралы хабарлады. 2015 жылмен салыстырғанда қарбыз алқаптары 2023 жылы 31 933 гектарға, бақша дақылдары - 24 337 гектарға, қызанақ - 16 706 гектарға, баклажан - 7 630 гектарға, қияр - 2 950 гектарға, бұрыш - 2 751 гектарға қысқарған. Францияда Батыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ең күрт қысқаруы тіркелді - 2015 жылдан 2023 жылға дейін 1,4 миллион гектарға азайған. Нидерланды да сол кезеңде өздерінің ауыл шаруашылығы алқаптарын 36 000 гектарға қысқартқан.




