Жаһандық жылыну метанның атмосфераға бөліну қарқынын төрт есеге арттырып отыр. Ең қорқыныштысы - басқада...
Жаһандық жылыну метанның атмосфераға бөліну қарқынын төрт есеге арттырып отыр. Ең қорқыныштысы - басқада...
2 жыл бұрын 1377 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну метанның атмосфераға бөліну қарқынын төрт есеге арттырып отыр. Бұұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ауа температурасының көтерілуі өз кезегінде батпақты жерлердегі микробтардың белсенділігін оятып, метан өндірісінің артуына ықпал етіп отыр. Ал атмосферадағы газды залалсыздандыратын табиғи процесс жиі қайталанатын орман өртінен баяулап қалған. Атмосфераға бөлінетін метанның жалпы мөлшерінің шамамен 40%-ы табиғи орталардан (батпақты жерлер, т.б.) бөлінсе, 60%-ы антропогендік факторға байланысты бөлінеді, яғни, адамзат әрекетінің (мал шаруашылығы, қазбалы байлықты өндіру, т.б.) салдарынан бөлінеді. Соңғы 20 жыл бедерінде атмосферадағы метан мөлшері көмірқышқыл газына қарағанда 80 есе артқан. Қазіргі уақытта оның деңгейі индустриялық кезеңге дейінгі деңгейден екі есе асып кетеді. Бұған түрлі табиғи көздерен және антропогендік факторлардан бөлек атмосферадағы осынау зиянды газды гидроксилді радикалдар көмегімен бейтараптандыратын табиғи процестің баялауы да себеп болып отыр. «Көміртек тотығының молекуласы гидроксил радикалының шабуылына ұшырамас бұрын атмосферада шамамен үш ай тұрады. Метан он жылға жуық сақталады. Осылайша, дала өрттері көміртегідегі гидроксил «тазартқышты» тез пайдаланып, метанның жойылуын азайтты», - деп түсіндірді аталмыш зерттеуге атсалысқан Саймон Редферн есімді ғалым. Ғалымдар атмосферадағы газды залалсыздандыратын табиғи процестің баяулауы нағыз апатқа ұрындыратын фактор екенін ескертіп отыр. 

0 пікір
Мұрағат