|
Жалақыны кешіктіру ауыр қылмыс санатына жатқызылуы мүмкін
|
Ресей Федерациясында жалақыны кешіктіргені үшін, яғни, жалақы бойынша қарыздар болып қалған кәсіпорындар мен компания басшыларына жауапкершілікті күшейтіп, жазаны қатайту туралы ұсыныс айтылды. РФ Үкімет комиссиясы тарапынан. Бұл бағытта аталған елдің Тергеу комитетіне бұл мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Егер сарапшылар бұл ұсынысқа қолдау білдірсе, аталмыш қылмыс орташадан ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Бұл жайында орыстардың "Россия 24" телеарнасы хабар таратты. Осы орайда 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап аталған ел аумағында жалақы бойынша қарызды еңбек инспекциясының пәрменімен мәжбүрлеп төлету тәжірибесі қолданыла бастады. Бұрын кешіктірілген жалақы сот арқылы өндіріп алынатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу