Жалқау 249 шенеунік жазаланды
Жалқау 249 шенеунік жазаланды
10 жыл бұрын 3224

Қытайда жалқаулығы мен жайбасарлығы үшін 249 шенеунік сазайын алды. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы «Синьхуа» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Бұған даму жобаларын кеш мақұлдап, кешіктіріп қаржы бөлуі себеп болып отыр. Провинциалдық көптеген шенеуніктерді Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп отырған саясаты шошытып тастаған. Коррупцияға байланысты күдікке ілікпесі үшін орталықтан бөлінген қаржыны игермей отыр. Жалпы саны  24 провинциялық және қалалық 249 билік өкілі қызметінен шеттетілді немесе қызметі төмендетілді, я болмаса сөгіс алды. Экономиканы дамыту үшін есеп-шоттарда жиналып қалған, яғни, игерілмеген 296 миллиард юан (46,5 миллиард доллар) шұғыл түрде әлеуметтік және даму жобаларына инвестицияланды. 

0 пікір
Мұрағат