Жаңа алып держава: бір оқ шығармайтын қорғаныстың неше сатылы жүйесін құрған араб елі аталды
|

Жер аумағы бойынаша әлемдегі ең шағын мемлекеттердің қатарындағы Катар ірі державалармен иық теңеңстіретін стратегиялық қорғңаныс қабілетіне ие болған әлемдегі сирек елдердің бірі. Аталған араб елі қорғанысын қамтамасыз ететін үш сатылы қорғаныс «шебін» құра алған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде израилдіктердің Maariv дерек көзіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Бұл арада қуатты қарулы күштері жоқ, алайда, ерекше стратегиясын қалыптастырған Катар турасында сөз болып отыр. Әскерінің саны мардымсыз, шабуылға тойтарыс бере алатындай әскери техникасы да жоқ Катар әлемдегі қорғанысы ең қауіпсіз елдердің біріне жатады. Дегенмен, Парсы шығанағы елдерін зерттеумен айналысатын Моран Зага есімді еврей ғалымының айтуынша, аталған араб елі бір оқ шығармай өз ықпалын жүргізуге көмектесетін үш деңгейлі қорғаныс жүйесін қалыптастырған мемлекет.
Бірінші желі немесе деңгей – жаһандық. Катар ұлы державалармен, соның ішінде Америка құрама штаттарымен одақтасқан. Еврей сарапшысының жазуынша, Катар геосаясаттағы ең ірі ойыншылармен өзара тәуелділікке бастайтын байланыс орнатады. Дәлірегі, Катар ешбір мемлекет өз мойнына жауапкершілігін алғысы келмейтін жанжалдасушы тараптарға арағайын болып жатады. Мәселен, АҚШ пен тәліптер арасындағы келісссөз, АҚШ пен ХАМАС арасындағы, АҚШ пен Иран арасындағы, АҚШ пен Венесуэла арасындағы келіссөздер. Осы стратегиясы үшін Катар Америка құрама штаттарының Солтүстік-Атлант саяси-әскери (НАТО) альянсынан тыс негізгі одақтасы мәртебесіне ие болды.
Бұған қоса, Катар күллі әлем бойынша сұйытылған газды экспорттауда үшінші ел. Катар ұзақ мерзімді (30 жыл) мәмілеге келу арқылы экономикалық байланысқа мән береді. Осылайша бұл елдің тыныштығына ең алдымен ірі державалардың өзі мүдделілік танытады. Бұдан бөлек, Катар газбен қамтамасыз етуде де серіктесін мұқият іріктейді: Қытай, Германия, Франция, Нидерланды, Италия.
Екінші желі – аймақтық. Бұл тараптағы стратегиясы жаулыққа емес, жақындастыруға құрылған: радикалды ұйымдармен жанжалдаспай, оларды татуластыруға талпынады. Бұл қателік емес, есепке құрылған қадам. Осылайша радикалдарды бақылауда ұстай алады.
Ал үшінші желісі – қоғамдық. Нарративке әсері терең. Катар аса танымал әрі қуатты медиаформаларға, яғни, бұқаралық ақпарат құралдарына арқа сүйейді. «әл-Жазира» телеарнасының өзі неге тұрады. Таяу шығыста ғана емес, күллі әлемде ең реитингісі жоғары ақпарат агенттгі. Бұдан бөлек, Катар батыстың тәуелсіз, коммерциялық емес ұйымдарына қаржы бөліп келеді. Катар қоғамдық пікір тудыру арқылы наразылықты баса алады. Катар қоғамдық пікірге өзі де атсалысып қоймай, соны қалыптастыратын мемлекет.
Катар әскери шығын шығармай-ақ тиімді қорғаныс қабілетін құра алған бірден-бір ел. Аталған араб елінің осал жері осы үш желінің біріне сызат түскенде байқалмақ. Алайда, әзірге ондай байқалған емес. Керісінше, хаоста өркен жайып, күш алып келеді. Түрлі жанжалдарды делдал болу арқылы.
Еврей сарапшысы сөз соңында Израил Катар қуатының табиғатын түсініп, осы құрылым ішінде әрекет ала алатынын және осылайша оған өз ықпалын жүргізу мүмкіндігіне ие болатынын алға тартып отыр.




