|
Жануарға атқан оғы өзін жаралады
|
АҚШ-тың Техас штатына қарасты, халқының саны 150 мыңнан аспайтын Мариетта қаласының тұрғыны ауласына кіріп кеткен броненосцқа оқ жаудырып, атқан оғы жануардың темірдей қатты терісінен өтпей, кері серпілген оқтан өзі жараланып қалды. Дәлірегі, жағын жаралап алды. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Жергілікті полиция қызметкері Ларри Роудың сөзіне қарағанда, бұл оқиға түнгі сағат үштер шамасында орын алған. Қожайын 38-ші калибрлі тапаншамен аталған жануарға бірнеше рет оқ атқан. Алайда, жануар аман қалған болуы керек, ауладан табыла қойған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады