|
Жануарлар әлемі: Ақ қонжықтың ұйықтап жатқан сәті (ВИДЕО)
|
Әлеуметтік желіде кіп-кішкентай ақ қонжықтың суреттері мен видеосын тамашалағандардың қарасы артып келеді. Қонжық 6 қарашада америкалық Огайо штаты Колумбус қаласының зообағында дүниеге келді. Алайда, белгісіз себептермен анасы Аврора бұдан бас тартты. Қонжықты хайуанаттар бағының қызметкерлері бағып келеді. Оған бөтелкемен азық береді, денсаулығын қадағалайды. Қонжықтың дүниеге келгенінен небәрі 5 апта өтті. Ол көзін аша бастады. Дегенмен жүре алмайды, қазіргі уақытта төрт аяғынан тік тұруға тырысып-ақ жатыр. Ал қонжықтың ұйықтап жатқан сәті талай жанның жүрегіне жол тапты, деп хабарлайды "tvzvezda.ru" ақпарат көзі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр