|
Жануарлар әлемі: «Арық» деп аталатын семіз мысық 10 келі салмақ тастады
|
2013 жылы АҚШ-тағы Техас штатына қарасты Даллас қаласында орналасқан жануарларды емдейтін Heal емханасына салмағы 19 келі тартатын, семіздіктен зардап шегетін мысық түсті. Маубас әрі тамақсау мысықты жақсы көргендер оны «Арық» деп атап кетті. Ветеринарлардың күш-жігерінің арқасында ол он келі салмақ тастап, елді таңқалдырды. Бұл жайында Dallas News ақпарат көзі хабар таратты. Мысық түскен аталмыш емхана ветеринары Бритни Бартонның айтуынша, мысық екі жыл бойы ұдайы жаттығудан өтіп, тек калориясы аз тамақтармен қоректенген. Күндіз ол емхана ауласында күні бойы серуендейді. Тек жексенбі күндері ғана үйіне оралады. Артық салмақтан арылған мысықтың терісі салбырап қалды. Оны енді хирургиялық жолмен сылып тастау керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады