Жануарлар әлемі: Ешкіден жолбарыстың беті қайтып қалды (видео)
Жануарлар әлемі: Ешкіден жолбарыстың беті қайтып қалды (видео)
10 жыл бұрын 5625

Владивостокта, дәлірегі, Теңіз жағалауы сафари саябағында Амур жолбарысы мен Тимур атты ешкінің арасындағы «достық» талай елдің таңдайын қақтырып отыр. Басынан бастасақ, ешкіні жолбарыстың жемі үшін торына жіберген... Бір қызығы, өзіне тап берген жолбарыстан ықпаған ешкі оның өзіне шабуылдаған. Ол ол ма, ешкі жолбарыстың орнын тартып алып, сонда жатып жүр. Ал жолбарыс шатырда жатып жүр. Ешкіні жеуге бата алмайды. Осыған байланысты аталмыш саябақтың сайтында ешкіні жолбарыстан бөлек ұстау турасында ұсыныстар айтылып жатыр. «Тимур ешкіге еркіндік берілсін! Ол оған әбден лайық!», «Маған анам (78 жаста) телефон шалып, ешкінің тіршілік етуге лайық болғанын жазуымды сұрады. Ол қатты уайымдап отыр. Ешкіге жандарың ашысын, оны бір жерге орналастырыңдаршы», «Өтініш – Тимурды жолбарыстан бөліңдер немесе қорықшылармен, хайуанаттар бағының қызметкерлерімен сөйлесіп, ешкіні ол жерден алып кетуін сұраңдар, ерте ме, кеш пе, оны бәрібір жеп қояды!» деген секілді жазбалар пайда болған. Жуырда аталмыш саябақтың директоры Дмитрий Мезенцевтің жануарларды ажыратпайтынын, өйткені, жолбарыс оған азық болар қорек ретінде қарамайтынын, яғни, ешкіге жолбарыс тарапынан қауіп төніп тұрмағанын жеткізді. 

 

 

0 пікір
Мұрағат