|
Жапон теңізінен ірі газ-мұнай кеніші табылды
|
Оңтүстік Корея мамандары Жапон теңізінен аса ірі мұнай-газ кен орнын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған кен орны таңғы шық елі астанасы - Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, елдің шығысындағы Поханг қаласындағы Йонгил шығанағы маңында. Мемлекет басшысының айтуынша, ол жерде 14 миллиард баррелге дейін мұнай және газ қоры болуы мүмкін. «Оңтүстік Кореяның 29 жыл бойы газға және төрт жылға мұнайға деген қажеттілігін қанағаттандыра алатын қор», - делінген материалда. Республиканың индустрия министрлігі кен орнын игеру жұмыстары нақты кен орнына қатысты мәлімет расталғаннан кейін басталып, бұрғылау жұмыстары шамамен 2027-2028 жылдары басталатынын мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр