|
Жапондық қарт мұсылман әйелді пойызға итеріп жіберді (ВИДЕО)
|
Лондон мегаполисінде метрополинде пойыз күтіп тұрған шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелді жүйткіп келе жатқан пойызға бар пәрменімен итеріп жіберді. Пойызға соғылған әйел кері қарай қалпақтай ұшып түскен болатын. Исламофобтың бұл әрекетінен мұсылман әйелі жарақат алып, емханаға жөнелтілді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Мұсылман әйеліне жәбір көрсеткен Йошиюки Шинохара есімді 81 жастағы жапондық зейнеткер болып шықты. Қазіргі уақытта мұсылман әйеліне қастандық жасаған қарт қамауда отыр. Оған «қасақана кісі өлтіруге оқталды» деген айып тағылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр