Жапония 34 жылда алғаш рет шетелдегі актив мөлшері бойынша көшбасшылығынан айырылды
|

Соңғы 34 жылда күншығыс елі шетелдегі актив мөлшері бойынша бірінші орнынан сырғып, Германияға орын берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған арал мемлекеттің қаржы министрлігінің жаңартылған дерегіне жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Жапонияның шетелдегі активтерінің жиынтық мөлшері 533,05 триллион иенге, яғни, қазіргі валюта бағамы бойынша шамамен 3,7 триллион долларды құрады. 12 ай ішінде мұндай активтердің жалпы мөлшері 13 пайызға, немесе 61,7 триллион иенге артты. Алайда, Жапонияның бұл өсімі шетелдегі активтер мөлгері бойынша әлемдік жетекші мәртебесін сақтап қалуға жеткіліксіз болды. Неміс федеративтік республикасының таза сыртқы активтері есепті кезеңде төрттен бірден аса шамаға артқан және ақша түрінде 3,966 триллион доллар деңгейіне жетті. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы үштікті Қытай 3,6 триллион доллар шамасымен тұйықтады.




