|
Жапония әлемнің төртінші экономикасы болудан қалды
|
Үндістан әлемнің төртінші экономикасы атанды. Бұл жайында islam.kz порталы Finam ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы ресми дерек бойынша Үндістанның жалпы ішкі өнімі 4,18 трлн долларға жеткен. Осылайша, бұл ел Жапонияны басып озған. Енді бір шамамен үш жылда Германияны үшінші орыннан ығыстырады. Егер экономикалық даму қарқыны сақталса. Болжам бойынша 2030 жылға таман Үндістанның ЖІӨ мқлшері 7,3 трлн долларды құрайтын болады. Дегенмен, Үндістан бірінші орында тұрған Америка құрама штаттары мен екінші орындағы Қытай халық республикасын әзірге басып оза алмайды. Үндістан 2047 жылға таман табысы жоғары ел мәртебесіне ие болады. Мұндай жетістікке құрылымдық реформалар мен әлеуметтік жобалар да ықпалын тигізеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды