Жапония ерекше «жанрынан» қыруар пайда табатын болады
Жапония ерекше «жанрынан» қыруар пайда табатын болады
1 сағат бұрын 66 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күншығыс елінің мәдениет iстерi жөнiндегi агенттiгi жапон мангасын (комикс) әлемге танытатын әрі тарататын және авторлық басылымдардың таралымын ұлғайту үшiн баспагерлермен, аудармашылармен және тарату компанияларымен консорциум құрды. Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Консорциум мүшелері 2033 жылға қарай мангаға бағдарланған контенттің шетелдік экспортын 1 триллион йенге (шамамен 6,20 миллиард доллар) дейін ұлғайту мақсатында баспагерлер арасында түрлі мангаларды цифрлық таратуға арналған отандық платформаны әзірлеуді қолға алады. Жапония жұмсақ күшін экспорттауда манга “жанрына” үлкен үміт артып отыр. Осы мақсатта үкімет контент индустриясын дамытуға ден қойып отыр - манга, аниме, ойындар мен фильмдерді қоса алғанда мемлекеттік және жекеменшік сектордан инвестиция тартуға бағытталған 17 стратегиялық саланың біріне айналдыруды ұйғарып отыр. Манга көбінесе басқа шығармашылық процестер үшін, мәселен, фильм, аниме, көркем туынды, т.б. бастапқы материал ретінде қызмет ететіндіктен, ол жапон контентінің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы болып саналады. 2022 жылы манганың шетелдегі сатылым мөлшері шамамен 320 миллиард иенді (шамамен 1,99 миллиард доллар) құрады. Алайда, Жапониядан тыс қарақшылықтан болатын шығындар, яғни, жапондық өнімді көшіруден, таратудан жылына 2,6 триллион иенге (шамамен 16,13 миллиард доллар) жеткен. Консорциум авторлық басылымдардың таралуын жеңілдету үшін генеративті жасанды зерде мүмкіндіктерін пайдалануды қоса алғанда, мангаға бейімделген аударма әдістерін зерделеуді жоспарлап отыр. Жыныстық қатынас және басқа да анайы бейнелер ережелері әр елдің мәдениетіне немесе өңіріне байланысты ерекшеленетіндіктен АІ технологиясын пайдаланады. Агенттік бірыңғай ішкі платформа құру мүмкіндігін қарастырып жатқанымен, келіссөздердің бірқалыпты өтетіні әзірге белгісіз. Косорциум мүшелерінің айтуынша, мангада кино және драма саласындағы Netflix-пен салыстыруға болатын ірі стримингтік сервистер жетіспейді. Кейбір мемлекеттік органдар бірыңғай отандық платформаны пайдалана отырып жазылу жүйесін құруды қолдайды, ал кейбір баспагерлер өз платформаларын медиааралық стратегиялар мен пайданы бөлу туралы келісімдер тұрғысынан қолдауды жөн көреді. Агенттік егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізіп, 2028 қаржы жылы бір шешімге келмек.

0 пікір
Мұрағат