Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді
7 сағат бұрын 77 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония билігі геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты шабуылдауға арналған қару сауда-саттығына қатысты ережені жұмсартады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Kyodo жаңалықтар агенттігіне жөн сілтеген South China Morning Post Publishers Ltd. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің бұл қадамы, әсіресе, Қытайдың шамына тиді. Қытай сарапшылары жапондардың бұл шарасы Тайуан аралын ұрыс алаңына немесе майдан даласына айналдыру қатерін арттыратынын алға тартып отыр. Дәлірегі, жапондардың озық технологиямен жабдықталған қаруына ие болған жағдайда Тайуанның Қытайға қарсылығын күшеюінен қауіптенеді. Жапония осы уақытқа дейін тек қорғанысқа арналған қару-жарақты экспорттап келген еді. Соның ішінде құтқару, тасымалдау, ескерту, қадағалау және минаны залалсыздандыру саласындағы қаруларды ғана экспорттап келген болатын. Бұдан былай жаңа ережеге сәйкес Жапония әскери кеме мен зымыран және соққы беруші қару-жарақты, сондай-ақ, радар секілді әскери құралдар мен құрылғылар экспортына рұқсат етеді. Алдымен елдің ұлттық қауіпсіздік кеңесі рұқсат берген қарулар сыртқа шығарылады. Негізінде ережеге сәйкес соғысушы тараптарға қару сатуға болмайды, алайда, ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда қару экспортына рұқсат етіледі. 

0 пікір
Мұрағат