Жапонияда 100 жасққа толғандар рекорды жыл сайын жаңарады
Жапонияда 100 жасққа толғандар рекорды жыл сайын жаңарады
3 ай бұрын 499 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония осымен 55 жыл қатарынан 100 жастан асқан қарттар қарасы бойынша рекорд жаңғыртумен келеді – жыл сайын жүзге тарта 100 жасқа жеткендер тіркеледі. Бұл жайында islam.kz порталы 3.nhk.or.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биылғы қыркүйек айында күншығыс еліндегі 100 жастан асқан қарттар қарасы 99 763 адамға жеткен. Олардың 88%-ы – әйелдер. Жапония адамның өмір сүру ұзақтығы бойынша күллі әлемде бірінші орында тұр. Санымен де, сапасымен де. Аталған арал мемлекеттің денсаулық сақтау министрі Такамаро Фукока жүз жастан асқан 87 784 әйел мен 11 979 ер адамды ұзақ ғұмырымен құттықтады. Бұл дерек қыркүйек айының 15-і күні аталып өтетін қарттар күніне орай жарияланып отыр.

0 пікір
Мұрағат