|
Жапонияда жаңа арал пайда болды (видео)
|
Токио университетіне қарасты зерттеу институты жапондардың Ио аралы маңында суасты жанартауының атқылауына байланысты жаңа аралдың пайда болғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы nhk.or.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ио аралының күншығыс елінің астанасынан оңтүстікке қарай мыңдаған шақырым қашық жатқан Огасауара аралдары құрамына кіреді. Мамандардың айтуынша, жанартау атқылаған кезде магма мұхит суымен араласып, фреатомагматикалық жаралыс тудырған. Осының салдарынан су астындағы ірі тастарды атқылаған. Нәтижесінде диаметрі шамамен 100 мтерге жететін, жанартау тастарымен көмкерілген жаңа арал пайда болған. Бұл арал жанартау атқылаған сайын ұлғая бермек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды