Жапониядағы балалар суициді тағы рекорд орнатты
Жапониядағы балалар суициді тағы рекорд орнатты
1 сағат бұрын 37 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы (2025) Жапонияда балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші осымен екінші жыл қатарынан тағы рекорд орнатты. 2024 жылы 532 бала өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 535-ке жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде күншығыс елінің үкіметі келтірген дерекке жөн сілтеген Kyodo News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қиыр шығыстағы осынау арал мемлекетте өз-өзіне қол жұмсау фактілері 1980 жылдан бері хатқа түсіріліп келеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары бұл елдегі суицид көрсеткіші 20 мыңның үстінде болса, бүгінде 19 мыңнан сәл асады. Аз да боса кеміген. Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметі бойынша COVID-19 пандемиясынан бері балалар арасындағы суицид көрсеткіші жыл сайын 500 ден асатын болған. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, өткен жылы 352 жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қыршынынан қиылған, орта мектеп оқушыларынан 170 бала және бастауыштан 10 бала суицид жасаған. Соеның ішінде қыз балалардан 277 суицид жасаған, бұл көрсеткі оның алдындағы жылғысымен салыстырғанда 13 адамға аз, алайда, ұлдар арасында суицид артып барады – 2025 жылы 255 ұл бала өз-өзіне қол жмсаған екен, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғымен салыстырғанда 16-ға көп. 19 жастан кішілер арасында 316 бала өз-өзіне қол жұмсап көктей солған, олардың 315-і – денсаулығына байланысты қиындыққа шыдамаса, 181-і отбасындағы жанжалдан, зорлық-зомбылықтан қатерлі қадамға барған. Өткен жылы ерлерден 13 117 адам өз-өзіне қол жұмсап өлген, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 684 ер адамға азайған. Ал әйелдер арасында 5980 адам өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден озған, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғысымен салыстырғанда 539 адамға кеміген. Соның ішінде ерлердің 11 293-і денсаулығына байланысты қиындыққа шыдамай суицид жасаса, 5359-ы экономикалық және тұрмыстық қиындықтардан, соның ішінде қарызды төлей алмағандықтан өз-өзіне қол жұмсаған. Ал отбасындағы ұрыс-керіс пен дағдарыстан 7198 адам суицид жасаған. 2025 жылы Жапониядағы суицид оқиғалары 100 мың адамға шаққанда 15,4 адамнан айналған, бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғысымен салыстырғанда 1,0-ге аз.

0 пікір
Мұрағат