|
Жапониядағы жасөспірімдер өлім-жітімінің 23%-ы суицидтен болған
|
Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі елдің демографиялық дерегіне талдау жүргізіп, нәтижесін жария етті. Елдегі өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы азайғанымен жастар мен жасөспірімдер арасында әлеуметтік дертке айналған бұл індет етек алып барады. Статистикалық мәлімет бойынша 10-14 жас аралығындағылар арасындағы өлім-жітімнің 23%-ы суицидтен орын алған. Ал екінші орында обыр дертінен көз жұмғандар қарасы көп - 22,7%. Жергілікті ақпарат тарататын «Майнити Симбун» мерзімді басылымы жасөспірімдер арасындағы суицидтің себептері белгісіз күйінде қалып отырғандығын жазыпты. Тіпті, туған-туыстары да себебін анықтай алмайтын көрінеді. Жапон билігі ең алдымен оның себебін анықтау үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді