|
Жарнама жайы БҰҰ-ның уайымына айналды
|
«Денсаулыққа зиян өнім мен сусынды жарнамалауға тыйым салынсын». Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдеріне осындай үндеу тастады. Статистикаға сүйенсек, артық салмақтан арыла алмай, семіздікке ұрынған балалардың саны 40 млн-дан асып кеткен. «Бұның бәріне бірден-бір себепкер болып отырған сала – ауыздықсыз қалған жарнама», - дейді мамандар. Күні кеше ғана аяқталған Олимпиада ойындары кезінде белгілі спортшылар ағзаның қас жауы саналатын асты насихаттады. Жалған ақпаратқа сенген жұрт жапа-тармағай мақтауын келістірген тағамнан дәм татуға асықты. Біріккен Ұлттар Ұйымы «жарнаманы тежемесе, 2025 жылы семіздіктен жапа шеккен жеткіншіктер 70 млн-дан асады», - дейді. Бұл тақырып қыркүйекте Нью-Йоркте өтетін конференцияда да кеңінен талқыланбақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар