Жарты жылда түріктердің үш мыңдай компаниясы банкроттыққа өтініш берген
Жарты жылда түріктердің үш мыңдай компаниясы банкроттыққа өтініш берген
5 ай бұрын 1171 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы экономиканың нашарлауынан, дәлірегі, қаржы тапшылығынан, шығынның көбеюінен, сұраныстың кемуінен, ақшаның құнсыздануынан шағын және ірі кәсіпорындар банкрот болудың алдында тұр. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың қаңтарынан маусым айына дейін 2 мың 776 компания банкроттықтан қорғау туралы өтініш берген. Сот банкроттықтан уақытша шегерген істің саны маусымда 1 мың 259-ға жеткен. Банкроттыққа ұшырағаны туралы үкім 96 компанияға қатысты шығарылған. Маусым айы банкроттыққа өтініш берген компаниялар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 162,6%-ға артып кеткен. Банкроттықтан қорғау жөніндегі өтініш берген салалар арасында құрылыс, тоқыма, металлургия өнеркәсібі көш бастаған. 2018 жылдан бері 475 құрылыс компаниясы, 298 тоқыма компаниясы, 105 метал өнімдерін өндіретін компания осындай өтініш берген. Бұдан бөлек, жиһаз, тағам өнеркәсібі салалары да банкрот болудың алдында тұр. Бұдан бөлек, төленбеген қарыз ұлғайып кеткен.

0 пікір
Мұрағат