|
«Жедел жәрдем», полиция қызметкерлеріне, өрт сөндірушілерге қол көтергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
|
Голландия билігі «жедел жәрдем», полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге шабуыл жасағандарға, зорлық-зомбылық көрсеткендерге, қол көтеріп күш қолданғандарға қатаң жаза қолдануды қарастыратын заң жобасын қарастырып жатыр. Бұл жайында regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. Осы уақытқа дейін тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге жәбір-жапа көрсеткендер айыппұл төлеп, жұмысқа жегіліп, жеңіл жазамен құтылып кететін. Аталған ел билігінің мұндай қадамға баруына медицина және полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсету оқиғасының көбейіп кеткені түрткі болуда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Жанасқанын мәтінге айналдыратын «ақылды тері» жасалды (видео)