|
Жемқорлық рақымшылық жасалмайтын қылмыстар қатарына енді
|
Түркіменстан президенті Құрбанұлы Бердімұхаммедов жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған мемлекеттік қызметкерлерге рақымшылық жасауға тыйым салу қарастырылған заңға қолын қойды. Бұл жайында «Orient» ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша аталған ел басшысы парақорды есірткі саудагерімен теңестірді десе де болады. Өйткені, есірткі саудагерін де мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруға тыйым салатын Қылмыстық кодекстің 80-ші бабын толықтыратын болды. Президенті мақұлдаған заңнамалық акті. Түркіменстан президенті есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз айналымға шығарғандарға рақымшылық жасауға тыйым салатын заңға 2015 жылы қолын қойған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды