Миллиард адам — Жер тұрғындарының 13 пайызы әлі күнге дейін электрсіз өмір сүріп жатыр. Негізінен, Қара Африка мен Азия тұрғындарына жетпейді. Олардың 87 пайызы ауылдық жерде тұрады. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің The Energy Progress Report баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
|
Жер шарындағы әрбір сегізінші тұрғын жарықсыз отыр
|
2011 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік банк 2030 жылға дейін барлық адамға электр энергиясы қолжетімді болады деген мақсат қойған. Зерттеу авторларының болжамына сәйкес, мұндай қарқынмен бұл тапсырманы орындау мүмкін емес.
«Егер бұл тренд жалғаса берсе, 2030 жылға қарай 674 миллион адам электрсіз өмір сүре береді. Әлем әзірге жаһандық электрлендіру жолында емес», - делінген мәтінде.
Дегенмен, прогресс бар. Мысалға, Бангладеш, Эфиопия, Кения және Танзания секілді аса дамымаған елдер жыл сайын өз тұрғындарының электр энергиясына қолжетімділігін 3 пайызға көтеріп келеді. Ал Үндістан билігі жыл сайын өзінің 30 млн азаматына электр беріп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Христиандықтың таралу қарқыны исламнан көп артты қалып қойған
■
Соңғы 5 жылда Қытай аумағынан мұнай мен газдың 225 кеніші табылған
■
Түркияда университет аумағынан мұнай қоры табылды
■
«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді
■
Cабын мен ұнтақты қажет етпейтін, өздігінен тазаратын мата жасалды