|
Жидда: Күн мен түнді алмастырған құм бораны (ВИДЕО)
|
Өткен жұмада Мекке қаласында жүздеген адамның өмірін қиған апатқа негізгі себеп құм бораннан болған деп хабарлайды Ресей мүфтилер кеңесінің бірінші орынбасары Рушан Аббясов. Оның айтуынша, мұндай құм дауылы араб жазирасында тән құбылыс көрінеді.
«Басты себеп құм бораны мен жойқын желдің салдарынан болып отыр. Құм дауылы 30-40 жылда өтіп тұрады, ол небәрі 2-3 минуттың ішінде жарық күнді тас қараңғы түнге айналдырып, түнек орнатып жібереді» дейді Р.Аббясов.
Ал күні кеше Мекке билігі нөсерлі жаңбыр мен құм бораны болған сол күні найзағай отының кранға түскенін хабарлаған еді. Мына бейнежазбада уақиға болардан бұрын басталған құм боранының қалаға ентелей еніп, әп-сәтте күнді түнге алмастырған сәті түсірілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр